Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Жапондар ауамен жүретін автомобиль жасап шығарғалы жатыр

14 Мамыр 2015, 09:40
0
© John Lawson
© John Lawson

Жапониялық Toyota концерні сутегі және оттегімен жүретін жаңа автомобиль жасады, - деп жазады Washington Post. Автокөлікке жанама өнім ретінде су қолданылады.

Автомобильдің жұмыс істеу қағидасы мынадай: жанармай ұяшығындағы сутегі ауадағы оттегімен араласып, химиялық реакцияның нәтижесінде машинаның электромоторына қолданылатын электр пайда болады. Реакция соңында су бөлінеді.

Химиялық реакциялар жүретін жанармай ұяшығына жарылыс қаупін азайтатын капсула орнатылады. 

Сутегімен жүретін автомобильдің жұмыс істеу қағидасы

Нарықтағы электроавтомобильдерге қарағанда, Toyota Mirai бензинмен жүретін машиналарға ұқсайды. Оның жылдамдығы сағатына 178 шақырым, 9,6 секундта 100 шақырымға дейін екпін ала алады. Ең бастысы, мұндай авто бір рет жанармай құйғаннан кейін 480 шақырымға дейін жүре алады. Бакқа сутегіні 10 минут ішінде толтырып алуға болады.

Мұндай автомобильге 10 минутта жанармай құйып алуға болады

Бір жағынан, мұндай автомобильдер экономикалық және экологиялық проблемаларды шешуге көмектеседі. Дегенмен, бірнеше кедергі де бар. Мысалы, төрт есікті Toyota Mirai шамамен 100 мың доллар тұрады, яғни қымбат, жанармай бекеттері өте аз (Ұлыбитанияда 12 бекет бар) және сутегі бөлінген кезде табиғатқа зиян келеді.

Компания өкілдерінің айтуынша, сутегімен жүретін автомобиль әр миль сайын 100 миллилитр су бөліп отырады. Бұл суық климатты елдер үшін қолайсыз болуы мүмкін. Ауа температурасы төмен болған кезде жол ортасында су қатып қалуы мүмкін. Егер суды бу ретінде бөліп отырса, онда ауада тұманның пайда болу қаупі бар.

Басылымның хабарлауынша, мұндай автомобильді көптеп шығару үшін бірқатар мәселені шешу керек. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай