03 сәуір 2015 18:26

Жылдың үздік автокөлігі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@REUTERS @REUTERS

Нью-Йорктегі World Car of the Year конкурсы аясында "Жылдың үздік автокөлігі" анықталды, - деп жазды Express-news.ru.


Нью-Йорктегі World Car of the Year конкурсы аясында "Жылдың үздік автокөлігі" анықталды, - деп жазды Express-news.ru.

2014 жылдың көктемінде таныстырылған Mercedes-Benz C-Class седаны  "Әлемнің үздік автокөлігі - 2015" атанды.  WCOTY конкурсының қорытындысы Нью-Йоркте өткен арнайы автошоуда жарияланды.

"Жылдың үздік автокөлігі" титулына Mercedes автокөлігінен басқа жаңа Volkswagen Passat B8 және Ford Mustang автокөліктері үміткер болған. Осы компанияның Mercedes-AMG GT автокөлігі "Жылдың үздік спорттық көлігі" атанса, Mercedes-Benz S-Class Coupe "Жылдың үздік люкс автокөлігі" болды.

"ЭКО" категориясы бойынша бірінші орынды BMW i8 футуристік гибриді, "Үздік дизайн" категориясы бойынша Citroen C4 Cactus кроссовері алды.

Еске салайық, былтыр World Car of the Year конкурсының жеңімпазы Audi A3 болған. Соңғы он жылда VW Group моделі алты рет жеңімпаз болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети