01 қазан 2021 12:00

Қазақстан нарығында жаңартылған Chevrolet Equinox кроссовері пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Заманауи және тиімді кроссовер үрдісі әлі де өсіп жатыр және ол көптеген жыл бойы өзекті болып қала береді. Автокөлік бүгінде тұтынушылар талап ететін қасиеттерді біріктіруі керек: стильді дизайн, қауіпсіздік, жайлылық, тиім пен үнем. Сонымен қатар, көптеген тұтынушы үшін көлікті пайдалану шекарасын кеңейтіп, клиренс пен әмбебаптық қасиет те маңызды саналады. Осы барлық қасиет жаңартылған Chevrolet Equinox кроссоверінде бар, бұл туралы біз материалымызда толығырақ сипаттаймыз.


Заманауи және тиімді кроссовер үрдісі әлі де өсіп жатыр және ол көптеген жыл бойы өзекті болып қала береді. Автокөлік бүгінде тұтынушылар талап ететін қасиеттерді біріктіруі керек: стильді дизайн, қауіпсіздік, жайлылық, тиім пен үнем. Сонымен қатар, көптеген тұтынушы үшін көлікті пайдалану шекарасын кеңейтіп, клиренс пен әмбебаптық қасиет те маңызды саналады. Осы барлық қасиет жаңартылған Chevrolet Equinox кроссоверінде бар, бұл туралы біз материалымызда толығырақ сипаттаймыз.

Көліктегі жаңартулар мынадай: 

  • Шанақ дизайнының өзгеруі;
  • Толық диод оптика;
  • Бейімделгіш круиз-бақылау;
  • Start-Stop жүйесі;
  • Жақсартылған қауіпсіздік жүйесі.

Келбеті жаңарған Chevrolet Equinox 

Көліктің алдыңғы жағы өзгертілді, жаңа тор және бампердің төменгі жағындағы жаңа дизайн арқасында ол жыртқышқа ұқсайды. Көліктің ұзындығы 6 миллиметрге қысқарды, бірақ 2 миллиметрге биік бола түсті. Автокөлікке бірегей диод оптика салынды.

Chevrolet Equinox 2,0 литрлік 4 цилиндрлі жеңілдетілген турбоқозғалтқышпен жабдықталған, ол жанармай үнемдеуге көмектеседі. Жаңа қозғалтқыштың көмегімен көліктің ең жоғарғы қуаты төменгі айналымда болады.

Жаңа Chevrolet Equinox көлігіндегі жеңілдетілген қозғалтқыштың арқасында аралас циклдегі шығын жүз шақырымға 8,2 литрден 7,3 литрге дейін төмендеді. Сонымен қатар, 0-ден сағатына 100 шақырымға жету уақыты 7,5 секундқа дейін қысқарды. Chevrolet Equinox Қазақстанда өз сегментіндегі ең қуатты кроссовер ретінде көрсетті.

Қауіпсіздік жүйелеріне ерекше назар аударылған: көлік мынадай өзгерістер арқасында қауіпсіз бола түсті:

  • Жаяу жүргіншілерді анықтау жүйесі;
  • Төмен жылдамдықта автоматты түрде тежеу ​​жүйесі;
  • Алдағы көлікпен соқтығысу қаупі туралы ескерту жүйесі;
  • Алда бара жатқан көлікке дейінгі қашықтықты бақылау жүйесі;
  • Көрінбейтін аймақты бақылау және басқалары.

Салонның жайлылығына климат-бақылау, 7 динамикті Bose дыбыс жүйесі, сондай-ақ алдыңғы орындықтарды электрреттеу жүйесі жауап береді. Автокөлікке алдыңғы орындықтарды желдету жүйесі қосылды.

Жаңартулармен қатар, автомобильде мынадай артықшылықтар бар: былғарымен қапталған орындықтар, климат-бақылау, динамикалық белгілері бар артқы көрініс камерасы, Apple Car Play мен Android Auto қолданылатын, сенсорлы дисплейі бар Chevrolet MyLink мультимедиасы, панорамалық люк, жүксалғыш есігінің электржетегі және басқа да көптеген опция.

Жаңартылған Chevrolet Equinox көлігінің сатылымы қазанның ортасында басталады деп жоспарланған. Қазақстанда автокөлік RS жинағында ұсынылады, бағасы - 15 490 000 теңге. Толығырақ www.chevrolet-auto.kz сайтынан немесе 78-10 кол-орталығынан білуге болады.

Chevrolet брендінің бүкіл Қазақстан бойынша 27 дилерлік орталығы бар, олар автокөліктерді, брендтің қосалқы бөлшектері мен аксессуарларын сатады, сонымен қатар, автокөліктерге техникалық және кепілдік қызмет көрсетеді.

Еске салайық, Chevrolet автокөліктері қазақстандықтар үшін эксклюзив несие бағдарламасы бойынша 2 жылдық төлеммен қол жетімді, бағдарлама бойынша несие сомасы 7-ден 30 миллион теңгеге дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети