08 қыркүйек 2017 16:31

Қазақстанда электр машиналарды қуаттауға арналған стансалар желісін орнату ісі қолға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгінгі таңда ӨКМ Операторы және Қазақстан Автобизнес Қауымдастығы бірлесіп Алматы мен Астана қаласында алғаш рет электр көліктерін қуаттауға арналған стансаларды орнатудың пилоттық жобасын бастады. Жеке инвестицияға салынатын жобаға екі қаланың әкімдігі қолдау білдіріп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгінгі таңда ӨКМ Операторы және Қазақстан Автобизнес Қауымдастығы бірлесіп Алматы мен Астана қаласында алғаш рет электр көліктерін қуаттауға арналған стансаларды орнатудың пилоттық жобасын бастады. Жеке инвестицияға салынатын жобаға екі қаланың әкімдігі қолдау білдіріп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта ҚР энергетика Министрлігі пилоттық жоба аясында электр қуаттау стансаларына қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді қарастырып жатыр. Жыл соңына дейін Алматы мен Астана қаласында жылдам қуаттайтын 100 станса орнатылады. Сонымен қатар Алматы-Астана республикалық тас жолында жылдам қуаттайтын 20 станса орнатылатын болады.

Елордадағы алғашқы ЭҚС "Нұрлы Жол" теміржол вокзалы мен әуежай аумағында орнатылды. Алматыда – қаланың орталығына орналастырылып отыр.

Жаңа электрқуаттаушы станса әлемдік IEC 62196-2 және IEC 61851-1 стандартына сай. Және де бүгінгі күндегі қолданыстағы барлық электрмобильдерді 1-ден 4 сағат аралығында қуаттап бере алады. Қуаттау құрылғысы ауыспалы ток режимінде жұмыс істейді. ЭҚС бір уақытта 4 бірдей электрмобильді қуаттай алады. Орнатылған әрбір ЭҚС қуаттылығы 51 кВт.

Қауіпсіздік мақсатында ток соқпау үшін дифференциалды қорғаныш қарастырылған. Апатты жағдайда кернеулі желі сөніп қалады. Қуаттау кезде Mennekes ток көзі бұғатталады. Және де ток датчиктері қуатталған уақытта автоматты түрде ток беруді тоқтадады.

Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша 200ден астам электр көлігі бар. Әзірге олар қала ішінде ғана жүріп-тұруға арналған. Алдағы уақытта жылдам қуаттайтын стансалар желесін дамыту негізінде қалааралық қатынастарды, алыс қашықтыққа сапарлауға мүмкіндік болады.  

Сонымен қатар Қазақстанда электр көліктерін шығаруды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Электр көлігін шығарудың алғашқы  тәжірибесі қостанайдағы зауытта сынақтан өткен. Арнайы зертттеу тобы электркөлікті біздің елдің климаттық және инфрақұрылымдық жағдайында пайдалануға болатындығына қаттысты ауқымды зерттеу жүргізді. Сатып алушылар үшін электромобильдердің құнын төмендетуге қатысты жұмыс жүргізілуде. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети