Қазақстанда жеңіл автокөліктердің саны 15 пайызға көбейді

13 Қаңтар 2015, 10:40
0
Қазақстанда жеңіл автокөліктердің саны 15 пайызға көбейді - ©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

2014 жылдың 11 айы ішінде республикада тіркелген жеңіл автокөліктердің саны 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға көбейген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап. 

"2014 жылғы қаңтар-қарашада республикада 637 257 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 15,0 пайызға жоғары. 2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жеңіл автокөліктің қолда бары 3 906,2 мың бірлікті құрады", - делінген комитеттің сайтында. 

Республика бойынша жеңіл автокөліктер Оңтүстік Қазақстан (82 983) облысында ең көп тіркелген, оның ішінде, дені - 80 948 автокөлік жеке тұлғалардың атында. Бұл - 2013 жылмен салыстырғанда, 119,3 пайызға көп. Автокөліктер Алматы (80 803) облысы мен Алматы қаласында да (78 740) көп тіркелген. Алматы облысында жеңіл автокөлік саны 117,6 пайызға, Алматы қаласында 114 пайызға көбейіп отыр. 

Ең аз көрсеткіштер - Солтүстік Қазақстан (17 220), Батыс Қазақстан (18 982) және Қызылорда (19 693) облыстарында. Солтүстік Қазақстанда жеке тұлғалардың атында 16 064, заңды тұлғалардың атында 1 156 автокөлік бар. Батыс Қазақстан облысында жеке тұлғалардың атына 17 885, заңды тұлғалардың атына 1 097 автокөлік есепке алынған. Заңды тұлғалардың атындағы жеңіл автокөліктердің саны жөнінен Батыс Қазақстан облысы ең төменгі орында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін сарапшылар 2015 жылы елімізде көлік сатып алу азаяды деп болжаған еді. Қазақстанның Тәуелсіз автокөлік одағы көлік саудасына әлемдік нарықтағы мұнай бағасының әсер ететінін айтты. Сонымен бірге, сарапшылар көлік бағасының өспейтінін де болжады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай