Қазақстандықтар 14 мыңнан аса ескі көлік өткізген

04 Мамыр 2017, 12:06
0
Қазақстандықтар 14 мыңнан аса ескі көлік өткізген - © vybratauto.ru
© vybratauto.ru

Қазақстандықтар 14 мыңнан аса ескі көлік өткізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстандық автобизнес Ассоциациясына (ҚАБА) сілтеме жасап. Олардың мәліметінше, өткізілген көліктердің басым бөлігі "Лада", "Москвич" және "Волга" маркалы көліктер.

ҚАБА және ӨКМ Операторының мәліметтеріне қарағанда, 2016 жылдың 21 қарашасынан 2017 жылдың 25 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасындағы ескі көліктерді қабылдау пунктілеріне 14 322 автокөлік құралы келген.

Сондай-ақ, Шымкент тұрғындарының ескі көліктерді көп өткізетіні айтылады. Олардан 1 897 көлік қабылданған. 2-орында Талдықорған қаласы болса (1 163 көлік), Алматы (989 көлік) өткізілген көліктердің рейтінгінде 3-орынға тұрақтады.

Өткізіліп жатқан ескі көліктердің қатарында "ВАЗ-2105", "ВАЗ-2106", "ВАЗ-2101", "ГАЗ 3110", "Москвич-2140" және "Mazda 626" көліктері бар. Ал қабылданған ең ескі көлік түрі - 1948 жылы шыққан "Москвич" екен. Ол көлік Орал қаласында өткізіліпты. Жалпы, өткізіліп жатқан автокөліктердің орта жасы 25-30 екен.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметінше, ескі көліктерді қабылдау бағдарламасы бірінші кезекте автокөліктерді пайдалануға беру кезіндегі экологиялық проблемаларды шешу, сондай-ақ, отандық көлік шығарушыларды экологиялық таза көлік құралдарын шығаруға ынталандыру.

Еске салайық, бұл бағдарлама екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңі 2016 жылдың қазан айынан бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Бұл кезде тек жеңіл көліктер қабылданатын болады. Ал бағдарламаның екінші кезеңінде, яғни 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін автобустар, шағын автобустар және жүк көліктері қабылданатын болады.

Кейін ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау Орталық коммуникациялар қызметінде сөз сөйлей отырып, автокөліктерді толықтай қайта шығаратын бірнеше зауыттың салынатыны жайлы айтқан еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай