30 маусым 2020 14:28

Өскемен тұрғыны немересі үшін ерекше көлік құрастырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Өскемен тұрғыны немересі үшін стимпанк-автокөлік құрастырды. Ол бұрандалы шегені бұрағыш арқылы жиналған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өскемен тұрғыны немересі үшін стимпанк-автокөлік құрастырды. Ол бұрандалы шегені бұрағыш арқылы жиналған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерекше көлікті Сәуле Едігеевна Facebook желісіндені парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, көлікті 64 жастағы ағасы Сәкібай немересі үшін құрастырған.

"Бірнеше паблик видеоны бөліскен, бірақ мұны Астанада (Нұр-Сұлтанда) деп жазыпты. Ал бұл Өскеменде. Ағам - дене шынықтырудан еңбегі сіңген мұғалім. Ол үнемі бірдеңе жинап жүретін. Ал қазір YouTube-та түрлі видеолар қарап алады", - деді Сәуле.

Видеода көліктің негізі бұрандалы шегені бұрағыш екені көрсетілген. Мини-көлік жан-жаққа бұрала алады, қатты жүріп, тоқтай алады, бірақ артқа жүре алмайды.

"Кері пікір жазғандар да көп. Балаға дұрыс көлік сатып ала алмайсыз дегендей. Ал бұл балаға көп көлік сатып алып берді, бірақ дәл осындай көлік ешкімде жоқ. Ағам бірдеңені сатып алмайын деп емес, тек пайдалы және қызықты зат құрастырғысы келді", - деп бөлісті Сәуле.

Кейін ол көлікті айдап жүрген видео жолдады.

Ал зауытта құрастырылған көлік сатып алғысы келетіндер үшін 5 қарапайым кеңес ұсындық. Қазақстанда Chevrolet көлігінің модельдері құрастырылады және оны жеңілдетілген несие арқылы алуға болады. Дәл қазір қолжетімді седан Chevrolet Cobalt,  толық жабдықталған Chevrolet Malibu, жол талғамайтын Chevrolet Trailblazer және жайлы кроссовер Chevrolet Tracker-ге тапсырыс бере аласыз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети