15 қараша 2022 18:26

Тоқаев автокөлік шығаратын зауыт құрылысын іске қосты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапары аясында Changan, Chery, Haval маркалы автомобильдер шығаратын зауыттың іргетасын қалау рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапары аясында Changan, Chery, Haval маркалы автомобильдер шығаратын зауыттың іргетасын қалау рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президентке жобаның төлқұжаты таныстырылып, 2024 жылдың төртінші тоқсанында ашылады деп жоспарланған зауыттың үлгісі көрсетілді. Зауыттың өндіріс аумағы 100 мың шаршы метрден асады. Үш автокөлік маркасының әрқайсысы үшін дәнекерлеу және құрастыру жұмыстарына арналған жеке цех салынады.

Зауыт іске қосылғаннан кейін оның өндірістік қуаты жылына 90 мыңнан астам көлік шығаруға жетеді. Инвестицияның жалпы құны 100 миллиард теңгеден асады. Astana Motors компаниясы 2200-ге жуық жұмыс орнын ашады. Қасым-Жомарт Тоқаев жобамен танысқан соң зауыт жұмысшыларымен әңгімелесті.

"Бұл жоба елімізге өте қажет. Сондықтан тәуекел дейміз. Зауыттың жұмысына сәттілік тілеймін. Қытай Төрағасы Си Цзиньпин мырза биыл Қазақстанға келген кезінде келіссөз жүргіздік. Соның ішінде осы жоба туралы да әңгімелестік. Нәтижесінде, міне, бұл жоба іске асырыла бастады. Құтты болсын!" – деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети