11 тамыз 2020 10:30

Абайдың қара сөздері хинди тіліне аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Үндістан елшілігі Фото: Үндістан елшілігі

Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығына орай "Қара сөздер" кітабының хинди тіліндегі аудармасы жарық көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығына орай "Қара сөздер" кітабының хинди тіліндегі аудармасы жарық көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақ ғалымы, философ, жазушы, ақын, музыкант және гуманист Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай, Үндістанның Мәдени қатынастар жөніндегі кеңесі (ICCR) автордың әйгілі "Қара сөздер" кітабының хинди тіліне аудармасын 2020 жылы 10 тамызда шығарды. "Шабд Манжуша" немесе "Сөздердің қазынасы" деп аталатын кітапта Абайдың 40 өлеңі және 45 "қара сөзі" бар. Оның құрамына Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғы сөзі мен Үндістанның Қазақстандағы елшісі Прабхат Кумардың кіріспе сөзі енген", - делінген елшіліктің хабарламасында.

Прабхат Кумар мырза Абайдың Қазақстандағы ұлтшылдықты дамытудағы үлесін еске түсіре отырып, Абайдың халықаралық түсіністігін арттыруға қосқан зор үлесін ескере отырып, Үндістан астанасы Нью-Делидегі көрнекті көшелердің біріне Абайдың есімін берілгенін атап өтті.

Кітаптың тұсаукесері онлайн форматта өтті. 

Кітапты ICCR бас директоры Динеш К. Патнаик Абайдың Қазақстан мәдениеті мен әдебиетіне үлес қосқан бір туар тұлғасы ретіндегі зор үлесін еске ала отырып, өлеңдер мен "Қара сөздер" тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани мұрасы екенін айтты. Ерлан Әлімбаев ICCR-мен Үндістанның Қазақстандағы елшілігіне Абайдың қара сөздерінің хинди тіліндегі аудармасын шығарғаныүшін алғысын білдірді.

Басқа спикерлер Абайдың әдебиетке, өнерге және мәдениеттің әр түрлі салаларына қосқан үлесі туралы пікірлерін ортаға салды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети