17 қаңтар 2020 12:24

Шымкентте әдеби-мәдени "Поэзия бұрышының" ашылу салтанаты өтті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Ұлы даланың Жеті қыры" бағдарламасы аясында Шымкент қаласының әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтахановтың қолдауымен "Жеңіс" саябағында әдеби-мәдени "Поэзия бұрышының" ашылу салтанаты өтті.


Бүгін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Ұлы даланың Жеті қыры" бағдарламасы аясында Шымкент қаласының әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтахановтың қолдауымен "Жеңіс" саябағында әдеби-мәдени "Поэзия бұрышының" ашылу салтанаты өтті.

Мемлекетіміз жастарға жан-жақты бағыт, бағдар беріп, тың идеяларына қолдау көрсетіп келеді. Осындай игі бастамалардың бірі - жақында ғана Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен әдебиет саласында қаламын ұштап жүрген шығармашыл жастардың үздік туындылары жинақталған "Жаңа ғасыр әуендері" атты жас ақындар антологиясы жарық көрген еді.

Поэзия бұрышында алдағы уақытта қала тұрғындары арасында мәдениетті насихаттау мен дамытуға бағытталған әдеби кештер, жазушылар және ақындармен кездесулер, шығармашылық іс-шаралар мен философиялық лекциялар өтілетін болады.

Салтанатты жиынға Шымкент қаласы әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов мырза арнайы келіп, қаламгер жастарға ыстық лебізін жеткізіп, шығармашылық шабыт тіледі.

Кеш қонағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының жазушылар Одағының төрағасы Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы сөз алып, құттықтауын жеткізді.

Жиын соңында жыр өлкесіне нық қадам басқан Сүндет Сеитов, Арайлым Мұраталиева, Мақпал Төребек және сол секілді жас ақындарға сәттілік тілеп, үлкендер батасын берді.

#Поэзия_бұрышы

#Шымкентқайырымдықала

#Мәдениетім_мерейім

#ШымкентТМДелдерінің

#Мәдени_астанасы

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети