ESPN Геннадий Головкинды "нокауттар королі" деп атады

08 Қыркүйек 2016, 11:04
0
ESPN Геннадий Головкинды "нокауттар королі" деп атады - © Reuters
© Reuters

Америкалық ESPN спорт телеарнасы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді (35-0, 32 КО) "нокауттар королі" деп атады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандық пен IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брукпен (36-0, 25 КО) кездесуі 10 қыркүйекте Лондонда 20 мың орындық О2 аренасында өтеді.

Телеарна "Головкинның шаршы алаңда жымиып жүрсе де, әлемдегі ең қорқынышты қарсыластың жақын араласатын көршің болып шығуы" мүмкін екенін айтады. Алайда GGG шаршы алаңда нағыз жауыз жыртқышқа айналады, сол себепті де 35 кездесудің 32-сін нокаутпен жеңген (кездесулердің 91 пайызы нокаутпен аяқталған). Сондай-ақ, Головкин 22 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған. Өзінің спорт мансабында Головкин еш уақытта нокдаунда немесе нокаутта болып көрген емес.

ESPN арнасы Головкинды "бокстан әлемнің номері бірінші жұлдызы" деп санайды. Оның Мартин Мюрреймен болған кездесуінде АҚШ-тың НВО арнасы 1,4 миллион көрермен жинаған, миллионға жуық адам оны тікелей эфирден Ұлыбританиядан тамашалаған. Оның Доминик Уэйдпен өткізген соңғы кездесуін көрсеткен НВО арнасы 1,3 миллион көрермен жинаған. Ал Брукпен болатын кездесуді 100-ге жуық ел таратады.

Айта кетейік, Головкинмен жұдырықтасқысы келмейтіндердің саны көбейіп жатыр. Соның ішінде бүкіл әлемге танымал болған Сауль "Канело" Альварес, Мигель Котто, Хулио Сезар Чавес және Билли Джо Сондерстер бар.

Алайда әлемнің бұрынғы чемпионы Джонни Нельсон Бруктың Головкинның жұлдызды жолын тоқтатады деп сенеді екен. Оның ойынша, Брук бірінші рет Головкинды тіпті нокаутқа жібереді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай