Абель Санчес Головкиннің жаңа бапкері туралы ойын айтты

17 Мамыр, 13:06
0
Абель Санчес Головкиннің жаңа бапкері туралы ойын айтты - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бұрынғы бапкері Абель Санчес боксшының жаңа бапкері Джонатан Бэнкске жоғары баға берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Сондай-ақ, Абель Санчес GGG-ге канадалық Стив Роллсқа қарсы жекпе-жекте сәттілік тіледі.

"Роллспен жекпе-жекте сәттілік тілеймін. Осы оқиғалардың бәрі оның ойын бөлмейді деген үміттемін. Бэнкстің ең мықты тұсы - үлкен жекпе-жектер өткізгенінде. Ол қорықпайды. Владимир Кличкомен қаншама кездесу өткізді? Бес-алтау шығар? Кличконың жекпе-жектері - өте үлкен жекпе-жектер. Эмануэль Стюартпен катмен ретінде жұмыс істегенмін - Кличко Мормекпен жұдырықтасқанда. Ол аренада 55 мың көрермен болды. Сондықтан Бэнксты үлкен кездесулермен қорқыта алмайсың. Геннадий тәжірибелі маманмен жаттығады. Джонатан - кәсіпқой әрі тәжірибелі бапкер, - деп келтіреді Санчестің сөзін The Ring Digital.

Головкиннің жаңа жаттығу лагері қайда орналасқаны белгілі болды

Еске салайық, Головкин Санчеспен жұмысын тоқтататыны туралы сәуірде мәлімдеген болатын. Енді Геннадий Головкин рингке 8 маусымда оралады. Ол Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жеңіліп көрмеген канадалық Стивен Роллспен кездеседі. Жекпе-жек 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта өтеді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай