17 қаңтар 2018 09:55

Ақпанға дейін "Канеломен" екінші жекпе-жек өткізуге келіспесек, онда проблемалар бар - Том Леффлер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/ggolovkin © vk.com/ggolovkin

Промоутер Том Леффлер BoxingScene.com порталына берген сұхбатында орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасында өтетін екінші жекпе-жектің ұйымдастырылуы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Промоутер Том Леффлер BoxingScene.com порталына берген сұхбатында орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасында өтетін екінші жекпе-жектің ұйымдастырылуы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Өткен аптада мен келіссөздердің 90 пайызға таяп қалғанын айтқан едім. 100 пайыз орындалмайынша, бұл 90 пайыз келіссөздерге кедергі болуы мүмкін. Геннадий қазір Қазақстанда жүр, барлық мәселені ақылдасу үшін біз соның келуін күтіп отырмыз. Егер Головкин келіссе, онда көп уақыт кете қоймас. Біз осыған дейін де келіссөздер жүргізгенбіз. Біз бірінші жекпе-жек өткеннен кейін-ақ бір аптадан соң екіншісін өткізуге дайын болатынбыз, алайда келіссөздер төрт айға созылып кетті. Қазір бір тарап келіспесе, бірдеңенің дұрыс болмағаны жайлы айтуға болады. Мен ешқашан уақытын айтқан емеспін, бірақ екінші жекпе-жек қаңтардың соңына дейін жарияланбаса, онда қиындықтар бар деген сөз", - деді Леффлер. 

Сонымен қатар, Golden Boy Promotions өкілі Эрик Гомес келіссөздердің 98 пайызға таяп қалғаны жайлы айтты. Ол келісімшарттың бірнеше тармақтарын жариялап, оның ішінде реванш болмайтыны туралы айтқан еді. 

Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

Айта кетейік, 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети