24 қараша 2014 17:37

Әлем чемпионаты ұйымдастырушылары Қазақстанның ескі әнұраны үшін кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореядағы бокстан әлем чемпионатының эмблемасы. Оңтүстік Кореядағы бокстан әлем чемпионатының эмблемасы.

Қазақстан бокс федерациясының әйелдер құрамасының үйлестірушісі Берік Маржықбаев Оңтүстік Кореяда әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында ескі әнұранның ойналуына байланысты оқиғаға түсінік берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстан бокс федерациясының әйелдер құрамасының үйлестірушісі Берік Маржықбаев Оңтүстік Кореяда әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында ескі әнұранның ойналуына байланысты оқиғаға түсінік берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Чемпионат қарсаңында қазақстандық делегация ұйымдастырушыларға барлық қажетті мәліметтер мен атрибуттарды, соның ішінде, еліміздің туы мен әнұранын берді. Бәрі жарыстың ережелеріне сай жасалды. Жуырда Инчхондағы Азия ойындарында біздің делегация сондай рәсімдерден өтті, бәрі қателіксіз, ренішсіз болды. Чеджуде бокстан әлем чемпионаты басталысымен осындай оқиға болып отыр, біз ұйымдастырушылармен байланысқа шығып, қателік туралы ескерттік, себебін анықтауды талап еттік. Ұйымдастырушылар мұны өздерінің техникалық қателігі деп мойындап, әйелдер құрамасының бапкері Вадим Присяжнюктен ресми түрде кешірім сұрады", - деп мәлімдеді Маржықбаев. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Еске сала кетейік, бокстан әлем чемпионатында Назым Қызайбайды марапаттау кезінде Қазақстанның бұрынғы әнұраны орындалған болатын. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қазақстан спортшысы финалдық бәсекеде үндістандық қарсыласы - Шамджетсабам Сарджубаланы жеңіп кетті. Қазылардың бәрі Қызайбайға басымдық берді - 3:0. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети