Альварес қыркүйекте Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты

06 Мамыр, 11:27
0
Альварес қыркүйекте Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты - Фото: boxingscene.com
Фото: boxingscene.com

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBF чемпионы Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) келесі жекпе-жегін қыркүйекте өткізуі мүмкін. Бұл туралы LA Times газетіне берген сұхбатында мексикалық боксшының бапкері Эдди Рейносо айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Кеше Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында "Канело" төрешілер шешімімен америкалық Дэниэл Джейкобсты (35-3, 29 КО) жеңіп, одан IBF белбеуін тартып алған еді.

Альварестің бапкері боксшы рингке қыркүйекте Мексиканың тәуелсіздік күні оралып, тағы да T-Mobile аренасында жұдырықтасады деп ойлайтынын айтты. Рейносо "Канелоның" қарсыласы Головкин бола ма деген сұраққа "жоқ" деп жауап берді.

"Менің мақсатым - титулдар үшін жұдырықтасу", - деп қостады бапкерінің сөзін Альварес. Абсолют атану үшін соңғы WBO белбеуі Деметриус Андрадеде екенін атап өткен мексикалық боксшы онымен қыркүйектің ортасында жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты.

Уалихан Қосанбай

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай