24 қазан 2016 21:11

Альварес пен Лемье жекпе-жегі келесі жылы өтуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© FIGHTER.kz © FIGHTER.kz

Давид Лемьенің менеджері Камиль Эстефанның айтуынша,  канадалық боксшының басты мақсаты Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізу, деп хабарлайды Vesti.kz.


Давид Лемьенің менеджері Камиль Эстефанның айтуынша,  канадалық боксшының басты мақсаты Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізу, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Біздің негізгі мақсат  "Канеломен" жұдырықтасу. Мен мұны қайталай берді дерсіздер, бірақ бұл солай. Жекпе-жек 2017 жылы өтеді деп ойлаймын. Біз  Golden Boy-ға жақын қалдық және келіссөздер жүріп жатыр, сондықтан еш кедергі жоқ. Жалғыз шарт - аралық салмақта емес, 160 фунт салмақта", -  дейді Эстефан.

Еске салайық, Альвареспен 2017 жылы жекпе-жек өткізу туралы Головкиннің командасы да келіссөздер жүргізіп жатыр. Головкиннің сөзінше, қиындық қаржы жағында емес, салмақ категориясында болып тұр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети