Альвареспен жекпе-жек өткізуге ресми үміткер пайда болды

14 Желтоқсан 2019, 17:17
0
Альвареспен жекпе-жек өткізуге ресми үміткер пайда болды - Фото: Tom Hogan/Golden Boy
Фото: Tom Hogan/Golden Boy

Екінші орта салмақта сынға түсетін ресейлік боксшы Федор Чудинов (22-2, 15 КО) үш салмақта әлем чемпионы Сауль Альвареспен (53-1-2, 36 КО) жекпе-жек өткізуге ресми үміткер атанды. Бұл туралы ресейліктің промоутері Владимир Хрюнов айтты. 

"Қазір бәрі "Канелоның" бос болуына байланысты, бірақ Сергей Ковалев үшін есе қайтару керек", - деді Хрюнов. 

Естеріңізге салсақ, 2 қарашада Лас-Вегаста Альварес Ковалевті нокаутпен жеңіп, жартылай ауыр салмақта WBO титулын тартып алған болатын.  

13 желтоқсанда Владикавказда бокс кеші өтіп, басты жекпе-жекте Чудинов Хассан Ндам Н'Жикаммен жұдырықтасқан. 12 раундтың қорытындысы бойынша ресейлік боксшы төрешілер шешімімен жеңген еді.

Осы жеңісінің арқасында Чудинов екінші деңгейлі WBA Gold титулын иеленген. Осылайша, ресейлік боксшы қатарынан сегіз жекпе-жекте жеңіске жетті.

Айта кетейік, 2018 жылдың бірінші жартысында Чудинов қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) бірге Абель Санчестің қол астында жаттыққан. Алайда қазір қазақстандық боксшы америкалық Джонатан Бэнкспен, Чудинов отандасы Виталий Слановпен жаттығып жүр.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай