11 мамыр 2021 12:23

Альварестің бапкері Головкинмен үшінші жекпе-жекке қатысты ұстанымын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Екінші орта салмақтағы WBC, WBA Super және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің бапкері Эдди Рейносо қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жекке қатысты өз ұстанымдарын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мексикалық боксшының бапкері "Канело" Головкин немесе америкалық Джермалл Чарломен жекпе-жекке қашан шығады деген сұраққа "олар өз кезегін күтуі керек" деп жауап берген.

"Біз Каллум Смитті жеңдік, ол чемпион болған. Сондерсті де жеңдік, ол 168 және 160 фунт дәрежесінде чемпион болған. Енді Плантпен шығамыз, ол келесі. Жанкүйерлер Канелоның жеңілгенін қалайды. Сондықтан олар оның басқа мықты боксшылармен шығуын сұрайды", - деп Boxingnews24.com бапкердің айтқан сөзін жариялаған.

Еске салайық, 9 мамырда Альварес Билли Джо Саундерсті жеңіп, WBO тұжырымын иеленді. Бұл жеңісінен кейін мексикалық боксшы екінші орта салмақтағы IBF чемпионы америкалық Калеб Плантпен жекпе-жекке шығып, абсолют чемпион болуды жоспарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети