26 мамыр 2018 13:40

Альварестің командасы Головкинмен реванш өткізу бойынша келіссөздің неліктен тоқтағанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауль "Канело" Альварес. © "Геннадий GGG Головкин"/ВКонтакте Сауль "Канело" Альварес. © "Геннадий GGG Головкин"/ВКонтакте

Альварестің командасы Головкинмен реванш өткізу бойынша келіссөздің неліктен тоқтағанын айтты, деп хабарлады Vesti.kz.


Альварестің командасы Головкинмен реванш өткізу бойынша келіссөздің неліктен тоқтағанын айтты, деп хабарлады Vesti.kz.

Порталдың мәліметінше, Golden Boy Promotions президенті Эрик Гомес Альварес пен Головкиннің реваншына қатысты келіссөздердің тоқтап қалғанын айтқан. Оның сөзіне қарағанда, келіссөздер бейсенбіге дейін жақсы жүрген, алайда Головкиннің командасы өзінің жаңа талаптарын қойып, оны Гомес ерсі әрі қабылдауға келмейтін өрескел талаптар, деп атады.

"Томмен (Леффлер) жұма күні кешке қайта сөйлесемін деп үміттенемін. Егер алдайтын болса - және мен оларға мұның не үшін керегін түсінбеймін, - ол жүзеге аспайды. Біз оған алданып қалмаймыз.

Олар бізге теріс қарап отыр. Келісім алты аптадан бері қолдарында. Біз оларға келісімді сәуірдің аяғында жібердік. Олар өз өзгерістерін ұсынды. Біз оларды қабыл алдық. Олар келісімге қатысты ойланды және оның құрылымы ойларынан шықты, олар барлығымен келісті деген ақпарат та болды. Енді аяқ астынан олар 180 градусқа бұрылып кетті.

Оскар өзін алты апта бойы ақымақ қылып келді, деп есептейді. Менің ойымша, Головкин қорқады. Мұндай жекпе-жекті қалайша желге ұшыруға болады? Олардың талабы ерсі. Сондықтан, олар жекпе-жекті өткізгісі келмейді деп ойлаймын", - деп мәлімдеді Гомес.

Еске сала кетейік, Головкин - Альварес реваншы 5 мамырда өтуі тиіс еді, алайда мексикалық боксшы допингке қатысты дауға тап болды. Альварес допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін алты айға шеттетілді. Ол мерзім тамызда аяқталып, ол 15 қыркүйекте боксқа орала алады. Головкин "Канелоның" орнына Ванес Мартиросянмен жұдырықтасып, екінші раундта нокаутқа түсірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети