05 қараша 2018 12:55

Америкалық боксшыны жеңген Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі төртінші жеңісінен кейін өз дивизионында бірден 54 сатыға жоғарлады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі төртінші жеңісінен кейін өз дивизионында бірден 54 сатыға жоғарлады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

25 жастағы Әлімханұлы АҚШ-тың Техас штатындағы Эль-Пасо қаласындағы бокс кешінде шаршы алаңға шыққан. Оның қарсыласы "Айуан" лақап атты жергілікті боксшы Вон Александер (12-2, 8 КО) болды. Жекпе-жек толық сегіз раунда өтіп, қазақстандық боксшы төрешілердің көпшілігінің шешімімен жеңіске жетті.

Осы жеңістің арқасында Әлімханұлы BoxRec рейтингінде екінші орта салмақ бойынша 109-шы орынға көтерді.

Осылайша, Әлімханұлы төрт жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті (біреуі мерзімінен), ал карьерасында 12 жыл үзіліс болған (түрмеде отырған) 32 жастағы Александер 12 жекпе-жектен (барлығында да мерзімінен бұрын) кейін екінші рет жеңілді.

Бұл Әлімханұлының АҚШ-тағы екінші жекпе-жегі. Бұл елде қазақстандық алғаш рет 28 қыркүйекте Карлос Галванмен (16-8-1, 15 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети