1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Амир Хан Головкин - "Канело" жекпе-жегінде кімнің жеңіске жететінін айтты 27 ақпан 2018, 14:39

Алғашқы орта салмақтағы экс-чемпион ұлыбританиялық боксшы Амир Хан өзінің бұрынғы қарсыласы Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Амир Хан және "Канело" © Wrestlingua.com Амир Хан және "Канело" © Wrestlingua.com

Алғашқы орта салмақтағы экс-чемпион ұлыбританиялық боксшы Амир Хан өзінің бұрынғы қарсыласы Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы қарымта кездесу туралы пікірін айтты. 

5 мамырда Головкин мен Альварес алғашқы жекпе-жегін өткізген Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында жұдырықтасады. 

"Бұл тамаша қарымта кездесу болады. Алғашқы жекпе-жектері де жақсы өтті. Бұл жолғы жұдырықтасу одан да күштірек болмақ деген ойдамын. Бокс үшін жақсы кеш болғалы тұр, өйткені жанкүйерлер осындай жекпе-жектерді тамашалығысы келеді. Жанкүйерлерге осындай жұдырықтасулар көрсету қажет. Осы жолы "Канело" жеңеді деп ойлаймын", - дейді Амир Хан Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында. 

Алайда үш салмақ дәрежесінде чемпион болған америкалық Шейн Мозли бұл кездесу жеңімпазы туралы пікірі басқа. Оның айтуынша, алғашқы жекпе-жекте Головкин жеңген және бұл жолы да сол жетістігін қайталайды. 



Join Telegram