Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Астана Арланс" клубы WSB турнирінің екі дүркін чемпионы атанды

21 Маусым 2015, 20:36
0
© Vesti.kz
© Vesti.kz
© Vesti.kz
© Vesti.kz

"Астана Арланс" WSB финалының екінші күнінде де "Куба Домадорес" клубын 3-2 есебімен жеңіп, Әлемдік бокс сериясының (WSB) чемпионы атағына екінші рет ие болды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Әлемдік бокс сериясының (WSB) финалындағы бірінші кездесуде 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы Олжас Саттыбаев "Куба Домадорес" клубының боксшысы Йосвани Вейтианы 3:0 (49:46, 49:46, 49:46) есебімен жеңді.

Олжас Саттыбаев (оң жағы) және Йосвани Вейтиа. © Vesti.kz

Екінші болып қазақстандық Закир Сафиуллин мен әлемнің екі дүркін чемпионы  Лазаро Альварес шықты. Кездесу 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті. Жекпе-жек 2:1 (49:46, 49:46, 47:48) есебімен кубалық боксшының пайдасына шешілді. Осылайша, "Астана Арланс" пен "Куба Домадорес" клубтары арасындағы есеп айырмасы 4:3 болды.

Закир Сафиуллин және Лазаро Альварес. © Vesti.kz

Үшінші жекпе-жекте қазақстандық Асыланбек Шымбергенов "Астана Арланс" командасына бесінші жеңісті сыйлады. 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Лондон-2012 олимпиадасының жеңімпазы Роньель Иглесиас Сотолонгоға қарсы шықты. Алғашқы раундта жеңіліп қалған Асылан қалған екеуінде жеңіске жетті. Кездесу 2:1 есебімен аяқталды.

Асыланбек Шымбергенов және Роньель Иглесиас Сотолонго. © Vesti.kz

WSB финалының екінші күнінде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кубалық  Хулио Ла Круз қазақстандық Нұрдәулет Жармановты жеңді. Кездесу 3:0 (50:45, 50:45, 49:46) есебімен аяқталды.

Нұрдәулет Жарманов және Хулио Ла Круз. © Vesti.kz

Финалдық кездесуде соңғы болып рингке қазақстандық Иван Дычко шықты. 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен ол "Куба Домадорес" клубының Йоанди Ортега Тойрака атты спортшысына қарсы өнер көрсетті. Ол үш раунд бойы да басым болып, жалпы есепте қазақстандық клубқа тағы бір жеңіс сыйлады.

Иван Дычко және Йоханди Тойрак Ортега. © Vesti.kz

Осылайша, "Астана Арланс" клубы Әлемдік бокс сериясының (WSB) чемпионы атанды. "Астана Арланс" - "Куба Домадорес" арасындағы финалдық кездесу 6:4 есебімен қазақстандық клубтың пайдасына шешілді. 

Айта кетейік, екі клуб арасындағы WSB финалы 20 және 21 маусым күндері Астанадағы  "Дәулет" спорткомбинатында өтті. Шараның алғашқы күнінде де қазақстандық клуб жеңіске жеткен болатын. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай