Батыр Жүкембаевтың қарсыласын нокаутқа түсірген сәтінің видеосы жарияланды

29 Қаңтар 2017, 14:12
0
Батыр Жүкембаевтың қарсыласын нокаутқа түсірген сәтінің видеосы жарияланды -

Канаданың Квебек қаласында өткен бокс кешінің андеркартында өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың жекпе-жегінің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

25 жастағы Батыр Жүкембаев бірінші орта салмақта өнер көрсетіп, мексикалық боксшы Давид Ранхелмен жұдырықтасқан болатын. Қазақстандық боксшы өз қарсыласын бірінші раундтың екінші минутында сұлатып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған. 

Батырдың бұл жекпе-жегі кәсіпқой бокстағы сегізіншісі болып, кездесуді жетінші рет нокаутпен аяқтап отыр. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай