Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Бивол Канелоны жеңу үшін психологиялық тұрғыдан қалай дайындалғанын айтты 30 мамыр 2022, 08:59

WBA Super нұсқасы бойынша жеңіл салмақта әлем чемпионы Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) мексикалық Сауль Канело Альвареспен (57-2-2, 39 КО) жекпе-жек
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: ©DAZN Фото: ©DAZN

WBA Super нұсқасы бойынша жеңіл салмақта әлем чемпионы Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) мексикалық Сауль Канело Альвареспен (57-2-2, 39 КО) жекпе-жек алдында өзін қалай дайындағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ресейлік боксшының айтуынша, ол Канелоға әлемдік бокстың супер жұлдызы емес, қарапайым үміткер ретінде қараған. 

"Шын мәнінде, мен жекпе-жек алдында өзімді ол қарапайым адам, қарапайым жекпе-жек, мен үшін әдеттегі қорғаныс деп сендірдім, ол қандай керемет чемпион және басқасы туралы ойлаудың қажеті жоқ деп шештім. Мен бұған сенгенім сонша, әлі күнге дейін үміткермен жұдырықтасып, титул жеңдім деп ойлаймын", - деді Бивол USACHEV TV YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Бивол жазылушыларының көбейгенін, бұрын боксқа қызықпаған көп адам құттықтап жатқанын байқайтынын айтты. 

"Бокс жұлдызы екенімді немесе үлкен жеңіске жеткенімді әлі сезбедім. Оны жеңуім керек деп сендім, басқа жол болмады", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті