15 наурыз 2018 16:41

Бокс маманы Головкин - Альварес трилогиясы неліктен болмайтынын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Игорь Фель Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасында екінші жекпе-жектің (мексикалық боксшының допинг дауына қарамастан) белгіленген уақытында өтетініне сенімді екенін айтты. 


Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Игорь Фель Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасында екінші жекпе-жектің (мексикалық боксшының допинг дауына қарамастан) белгіленген уақытында өтетініне сенімді екенін айтты. 

"Боксшылар мен олардың командасына уәде етілген қаражат мөлшерін ескерсек, жекпе-жек міндетті түрде 5 мамырда өтеді. Әрине, ол мәселені шешеді. Егер бұл кездесуді қазір көрмесек, еш уақытта көрмей кетуіміз мүмкін", - дейді Игорь Фель. 

Бокс маманы Геннадий Головкин допинг дауына душар болғанда, "Канелоның" командасы осы жағдайды пайдаланып, жекпе-жектен бас тартатын айтады: "Бұл әбден болуы мүмкін іс. Алайда Альварестің командасы қаншама қаражат тігілгенін ескеретін шығар, себебі мұндай ақша жолда жатпайды. Бұл деңгейде ақшаның рөлі басты емес, оның мөлшерінде болып тұр ғой. Бұл ең жоғарғы деңгейдегі келіссөздер".

Журналистің "Канело" өткізген жекпе-жектерінде, оның ішінде Головкинмен өткен кездесуінде допинг қолданды деген сұраққа маман былай деп жауап берді: Барлық спортшылар медикаментоздық препараттарды қолданады. Біреулер бұлшықетті өсіру үшін, біреулер күшін дамыту үшін, ал біреулер болса жүректі "отырғызбау" үшін қабылдайды. Бұл препараттарға рұқсат берілуі мүмкін, сондай-ақ тыйым салынған болуы да мүмкін. Міне, барлығы осы". 

Жекпе-жек 5 мамырда өткеннен кейін, трилогия болуы мүмкін бе деген сұраққа ол былай деді: Бұл кездесуді жылдар бойы ұйымдастырумен айналысып келеді, сол себепті де үшінші кездесу болмайды. Бұл біраз адамға қызықсыз бола түседі. Бірақ мен "алтын бала" емеспін, олардың не ойлағаны барын білмеймін. Головкинмен жекпе-жекке шығуға кезекте тұрғандарды да ескеру қажет. Менің ойымша, 5 мамырда Головкин мен Альварес "айырылысады". 

Айта кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети