14 мамыр 2014 20:45

Боксшыларымыз Хабаровскідегі турнирді жеңіспен бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ҚР бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды Фото ҚР бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Бокстан Кеңес Одағының Батыры Константин Коротковты еске түсіруге арналған Хабаровскіде (Ресейде) өтіп жатқан халықаралық турнирді Қазақстан құрамасы тәп-тәуір бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бокстан Кеңес Одағының Батыры Константин Коротковты еске түсіруге арналған Хабаровскіде (Ресейде) өтіп жатқан халықаралық турнирді Қазақстан құрамасы тәп-тәуір бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл турнирде 17 мемлекеттен 71 боксшы бақ сынап жатыр. Әзірше біздің құраманың аяқ алысы жаман емес деуге болады. Кешеден бері бір ғана боксшымыз жеңіліске ұшырап, бесеуі келесі кезеңге өтті.

Кеше кешкісін шаршы алаңға үш боксшымыз шыққан болатын. 49 келідегі Жомарт Ержан қырғыз Заирбек Алишевтен басым түскен.

Ал 81 келіде сынға түскен Дәурен Елеусінов Молдованың тәжірибелі тарланбозы, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Петр Чобанды жеңген болатын.

Өкінішке қарай, 60 келіде бақ сынаған Дархан Жұмсақбаев Латвия боксшысы Артём Рамловтан ұтылып қалып, халықаралық турнирден тым ерте шығып қалды.

Бүгін Мырзағали Айтжанов бастап барған Қазақстан құрамасының тағы да үш боксшысы шаршы алаң көрігін қыздырды. 56 келідегі Ержан Ордабаев Латвиядан келген Дмитрий Гутманды қиналмай ұтып, Дархан Жұмсақбаевтың есесін қайтарды.

64 келідегі Айдар Әмірзақов та Венгрия боксшысы Георгиан Ниекиге үстемдік танытты. Ал 69 келідегі Сағадат Рахманқұлов Иран үміті Хасеми Аминді төрешілердің екі айырылған шешімімен ұтты – 2:1.

Ертең ширек финалдық жекпе-жектер басталады. Ержан Ордабаев Қытай қыраны Чунг Юмен кездессе, 91 келідегі Антон Пинчук Иран алыбы Морадкани Резамен айқасады.

Естеріңізге сала кетейік, Хабаровскідегі Константин Коротковты еске түсіруге арналған халықаралық турнирде Қазақстан боксшылары толық құрамда өнер көрсетеді. Жоғарыда аталған жігіттерімізбен қатар Әділет Құрметов (52 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Нұржан Бекзатов (+91 келі) сынды былғары қолғап шеберлері де Қиыр Шығыста бақтарын сынап көреді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети