23 қыркүйек 2014 21:13

Боксшыларымыздың алғашқы қарсыластары белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жазғы Азия ойындарында Қазақстанның спорт жанкүйерлерін қатты қызықтыратын спорт түрлерінің бірі - бокс. Жекпе-жектің бұл түрінен көп жүлде күтіп отырғанымыз жасырын емес. Инчхондағы "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі боксшылардың жеребе тарту рәсіміне қатысып, біздің былғары қолғап шеберлеріміздің қашан және кіммен шығатынын анықтады. 


Жазғы Азия ойындарында Қазақстанның спорт жанкүйерлерін қатты қызықтыратын спорт түрлерінің бірі - бокс. Жекпе-жектің бұл түрінен көп жүлде күтіп отырғанымыз жасырын емес. Инчхондағы "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі боксшылардың жеребе тарту рәсіміне қатысып, біздің былғары қолғап шеберлеріміздің қашан және кіммен шығатынын анықтады. 

24 қыркүйек: 60 келі. Берік Әбдірахманов – Мұстафа Алкасбех (Иордания)

Берік иорданиялық Мұстафаны жеңсе, ширек финалда шаршы алаң қожайыны, Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Сун Чул Ханмен кездесуі мүмкін.

25 қыркүйек: 52 келі.  Ілияс Сүлейменов– Чатчай Бутди (Таиланд)

Ілияс алғашқы сыннан сүрінбей өтсе, индонезиялық Хулио Бриамен жолығады. Ал қырғызстандық Азат Үсенәлиев, өзбек Шахобидин Зоиров екінші себетте. Сондықтан Ілияс олармен тек финалда кездесе алады.

26 қыркүйек: 56 келі. Қайрат Ералиев – Арбаби (Катар)

Қайрат Ералиев Катарды жеңсе екінші кезеңде тәжік Асрор Вохидовпен кездесуі мүмкін. Ширек финалда моңғол Тогсцогт Нямбаяр бар.

81 келі: Әділбек Ниязымбетов – Элдин Госсоун (Сирия)

Әділбектің салмағында 12 боксшы өнер көрсетеді. Оның Инчхонға тек алтын үшін келгені белгілі. Ту ұстаған боксшымыз екінші кезеңде Элдин Госсоунды жеңсе, ширек финалда Эхсан Роузбаханимен жолығуы тиіс. Ал Ойбек Мамазулунов пен Ким Хёнкю екінші себетте қалды.

91 келі: Антон Пинчук – Сергей Паренко (Қырғызстан)

Антон бірінші айналымда қырғызстандық Паренкомен шеберлік байқасады. Ал екінші кезеңде 2013 жылғы Универсиаданың финалисті Рустам Тулаганов тап келуі мүмкін.

27 қыркүйек: 69 келі. Данияр Елеусінов – Чин Чен Су (Қытайлық Тайпей)

Данияр Чин Чен Суды ұтса, ширек финалда моңғол Тувшинбат Бямбынмен кездесіп қалуы мүмкін. Әлем чемпионатында жүлдеге ілігіп жүрген Тувшинбат оңай қарсылас. Дегенмен біз Елеусіновке сенеміз.

28 қыркүйек: 49 келі. Біржан Жақыпов – Мохибулла (Пәкістан

Біржанға жеребе жеңіл түсті деуге болады. Мықтылардың бәрі екінші себетке түскен. Өзбекстандық Хасанбай Дусматов пен Қытай өкілі Сун Чул Хан алғашқы бәсекеде кездесетін болды. Әлем чемпионы кәріс Шин Жон Хунте де сол екінші себетте қалған.

64 келі: Айдар Әмірзақов – Ермек Сәкенов (Қырғызстан)

Айдар алғашқы айналымда Қырғыздың тәжірибелі боксшысы Ермек Сәкеновпен жолығады. Бұл салмақта негізгі мықтылар екінші топта орналасқан.

29 қыркүйек: 75 келі.  Жәнібек Әлімханұлы – Ю Тин Янг (Қытайлық Тайпей)

Жәнібектің салмағында барлығы 18 боксшы. Оның тобында мықтылардан үндістандық Кришан Викас пен қырғыз Азамат Қаныбекұлы бар.

30 қыркүйек: +91 келі Иван Дычко – Энхбаяр Батмунгх (Моңғолия)

Иванның салмағында боксшы аз. Сондықтан жерлесіміз алғашқы кездесуін бірден ширек финалдан бастайды. Қарсыласы – моңғол Энхбаяр Батмунгх.

Әйелдер:

27 қыркүйек: 

51 келі. Жайна Шекербекова – Томоко Кугимия (Жапония)

60 келі: Гүлжайна Үббияниязова – Нести Петесио (Филиппин)

28 қыркүйек

75 келі: Марина Вольнова - Ле Ти Нунг (Вьетнам)

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети