Бүкіл Америка Джейкобс жеңді деп есептейді - промоутер

22 Наурыз 2017, 16:21
0
Бүкіл Америка Джейкобс жеңді деп есептейді - промоутер - Головкин - Джейкобс © vk.com/ggolovkin
Головкин - Джейкобс © vk.com/ggolovkin

Ресейлік промоутер Владимир Хрюнов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында америкалық боксшы Дэниэл Джейкобстың қазақстандық Геннадий Головкиннен асып түскен тұстарын атап берді. 

Геннадий Головкиннің жекпе-жектерін бірнеше жылдан бері бақылап келе жатқан промоутердің айтуынша, бұл жекпе-жекте Джейкобстың салмағы қандай болғанына назар аудару керек. "Ол IBF ережесін сақтаудан бас тартты. Жекпе-жекке бір күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімінен бас тартты. Ол жекпе-жекке 80 келі болып шықты деп жатқандар да бар. Сондай-ақ, оның әр сәтте жұдырықтасу мәнерін біресе оңнан солға, біресе солдан оңға ауыстыруы Головкинге қосымша ыңғайсыздық туғызды", - дейді маман.

Промоутердің пікірінше, америкалық титулға талас жекпе-жегіне жақсы дайындықпен келген. "Жақсы дайындықпен келген. Геннадийге жанкүйер болып отырсам да екеуі тең түсті деп есептедім. Джейкобс мүлдем басқа мәнерді таңдапты. Бүкіл Америка оны жеңімпаз деп есептейді. Меніңше, енде Джейкобс - Альварес жекпе-жегін күту керек", - деп атап өтті Владимир Хрюнов.

Ал осыған дейін Джейкобс GGG күшін миф деп атап, жеңіске жеттім деп есептейтінін мәлімдеген еді. 

"Мен даукес боксшыларды ұнатпаймын, бірақ жекпе-жекті үш-төрт рет көргеннен кейін жеңіске жеткеніме және әділетсіздіктің құрбаны болғаныма сенемін. Жақтасты деп айтпаймын, бірақ Головкиннің "Канеломен" жекпе-жегіне қандай ақша тігілетінін барлығы да біледі. Көпшілік осы жекпе-жекті күтіп отыр, бұл біздің жекпе-жекке әсерін тигізді. Мен соңына дейін барып, шегінуіне мәжбүр қылдым. Мен жеңілмедім. Иә, мен орта салмақта әлемнің үздігі екеніме сенемін. Реванш болғанын қалаймын. Бірақ GGG бұған келісе ме, жоқ па, білмеймін. GGG - тамаша боксшы, бірақ рингте ол үрейлі болады деп күттім, бірақ ондай болмай шықты", - деп кеп мәлімдеді Джейкобс TMZ.com басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Джейкобс осыған дейін де жеңілмедім деп есептейтінін мәлімдеген еді. "Мен жекпе-жекті жеңдім және жанкүйерлер менімен келіседі деп ойлаймын. Мен кем дегенде екі раундта жеңдім. Мен қазылар алқасының шешімімен жеңілдім және осы шығарған шешімдерімен келісуім керек. Бірақ осы жекпе-жектен кейін екеуміз де (Головкинді айтады - Авт.) көп жанкүйер жинап алдық", - деп мәлімдеді Джейкобс жекпе-жектен кейін.

Ал Головкиннің өзі кездесу аяқталған соң Джейкобсты мақтады және осы жолы 12 раундтық жекпе-жек қажет болғанын айтты. "Джейкобсты жоқ қыла алмадым, бірақ мен кісі өлтіруші емеспін. Оған респект", - деген еді Головкин.

Еске салайық, жексенбіде, 19 наурызда Головкин америкалық Дэниэл Джейкобсты жеңген болатын. Осылайша боксшы 37-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Қазақстандықты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жеңісімен құттықтаған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай