30 мамыр 2019 09:13

"Бұл серияны жеңіспен аяқтау өте маңызды" - Головкин Альвареске қарсы үшінші жекпе-жек жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: boxingscene.com Фото: boxingscene.com

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) қазір WBC, WBA (Super) және IBF титулдарының иегері мексикалық Сауль Альвареске (52-1-2, 35 КО) қарсы міндетті түрде үшінщі жекпе-жек өткізетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осыған дейін боксшылар Лас-Вегаста екі рет жұдырықтасқан. 2017 жылы өткен бірінші жекпе-жекте олар тең түскен. Ал бір жылдан соң қазақстандық боксшы карьерасында бірінші рет жеңіліс тапты. Сөйтіп WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылған болатын.

Головкиннің пікірінше, "Канелоға" қарсы үшінші жекпе-жек биыл қыркүйекте өтуі мүмкін. 

"Бұл жекпе-жектің өтетініне толық сенімдімін. Мен үшін бұл серияны жеңіспен аяқтау өте маңызды. Бәрін бір-бір қадамнан жасау керек. Альвареспен жекпе-жек өткізіп алайын, кейін басқа салмаққа ауысар-ауыспасымды шешеміз", - деді Головкин. 

Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Оның қарсыласы - Стив Роллс (19-0, 10 КО). Боксшылар 164 фунтқа дейінгі аралықтағы салмақта өнер көрсетеді. Бұл бокс кеші қазақстандықтың DAZN компаниясымен үшжылдық келісімшартының алғашқы жекпе-жегі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети