05 тамыз 2018 09:10

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов венгр боксшысы Габор Горбичті төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімі бойынша жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов венгр боксшысы Габор Горбичті төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімі бойынша жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай орта салмақта өткен олардың кездесуі Кардиффтегі бокс кешінде ұйымдастырылды. Жекпе-жек алты раундтан тұрды. Боксшылар берілген барлық уақытта жұдырықтасты. Барлық раундта да Елеусінов басымдылыққа ие болып, соңында 60-54 ұпаймен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, Елеусінов бесінші раундта оң жақ көзінен жарақат алды, алайда бұл оған жеңіске жетуге кедергі болмады. 

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 28 сәуір күні өткізді. Нью-Йоркте өткен бокс кешінде америкалық боксшы Ноа Кидті 3 раундта техникалық нокаутпен ұтты. 7 маусымда Лондонда Золтан Шабоны ұпай айырмасымен жеңді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети