06 қараша 2017 12:18

Джермалл Чарло Головкин мен "Канелоны" келісіп алды деп айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық боксшы Джермалл Чарло (26-0, 20 KO) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында өткен бірінші кездесуді мұқият зерттегенін және бұл екі боксшының кез-келгенімен кездесуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Америкалық боксшы Джермалл Чарло (26-0, 20 KO) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында өткен бірінші кездесуді мұқият зерттегенін және бұл екі боксшының кез-келгенімен кездесуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның пікірінше, Головкин мен "Канело" бұл кездесуде келісіп алуы да мүмкін екен. Өйткені, екі боксшы да өте сақ жұдырықтасқан. Нәтижесінде олар 12 раунд жұдырықтасып, кездесу тең аяқталды.

"Олар кездесудің басынан бастап бірін-бірін аяп жұдырықтасты. Бұл Чарлоның жекпе-жегіне мүлде ұқсамады. Біз жұдырықтасып, қандай жағдай болмасын соққы алу керекпіз. Олар маған келісіп алғандай көрінді. Менің ойымша, мұндай кездесулер қызықты өтуі керек. Бірақ олар барлығын керісінше жасады.

"Канело" кездесудің басынан бастап барлық күшін ортаға салмады. Ол кейде раундтың басында, кейде раундтың аяғында сылбыр қимылдады. Дәл осы раундтарда Альварес жеңілді.

Мен бұл боксшылардың екеуімен де кездесуге дайынмын. Мен "Канело" мен Головкиннен де ірімін. Маған тек мүмкіндік беріңіздерші", - деп келтіреді Джермаллдың сөзін Boxingnews24.com порталы.

Айта кетейік, Чарло қазіргі уақытта орта салмақтағы Головкинге тиесілі WBC белбеуінің міндетті үміткері. Ал бірақ WBC кеңесі GGG мен "Канело" арасындағы кездесуді өткізуді міндеттеді.

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталды. Осылайша Головкин WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерін сақтап қалды.

Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети