05 сәуір 2018 13:34

"Енді оның жаңа есімі "Канело" Альвароид". 50 Cent мексикалықтың допинг дауы жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© shaheer.uz © shaheer.uz

Америкалық рэп орындаушысы Кертис Джексон, бірақ көпшілікке 50 Cent атымен танымал әнші өзінің Instagram-парақшасында мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) допинг-сынақтан өте алмағандығына және 5 мамыр күні Геннадий Головкинмен өтетін кездесуден бас тартқанына жабырқап қалғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz


Америкалық рэп орындаушысы Кертис Джексон, бірақ көпшілікке 50 Cent атымен танымал әнші өзінің Instagram-парақшасында мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) допинг-сынақтан өте алмағандығына және 5 мамыр күні Геннадий Головкинмен өтетін кездесуден бас тартқанына жабырқап қалғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Сайтан алғыр, "Канело" екі бірдей допинг-сынақтан өте алмады. Мені өлтіре салыңыздаршы. Мен мына жерде тұрып бірінші кездесуде Головкин жеңіске жеткен еді деп айтпаймын. Бірақ, "Канело" бұлай кетпеуі керек еді", - деп жазды ол.

Кейінірек ол пікірге "Оның жаңа есімі - "Канело" Альвароид. Шындықты айтайықшы", - деп жазба қалдырды.

Еске салайық, 4 сәуірге ауысқан түні мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын Golden Boy Promotions компаниясы арнайы баспасөз жиынын ұйымдастырды. Онда "Канелоның" орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) 5 мамыр күніне Лас-Вегаста жоспарланған екінші кездесудің өтпейтіні белгілі болды.

Бұл баспасөз жиынын соң Головкин де өз пікірін айтып, қандай жағдай болмасын 5  мамырда шаршы алаңға шығатынын айтты.

Қазіргі уақытта отандасымызбен кездесу өткізуге бірнеше боксшы дайын екенін айтты. Олардың қатарында америкалық боксшылар Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О'Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хильберто Рамирес және кіші Хулио Сезар Чавес бар.

Сондай-ақ "Канело" жекпе-жектен бас тартқаннан соң Сондерс те Головкинді жекпе-жекке шақырды. Ол қазақстандық боксшыны барлық белбеу үшін жекпе-жек өткізуді ұсынды.

17 және 20 ақпан күндері Альварестің Мексикада тапсырған допинг-сынамасынан кленбутерол дәрумені табылды. Мексикалық боксшының командасы бұл дәруменнің бұзылған ет арқылы түскенін айтып ақталуда.

Наурыз айында Альварес жаттығу лагерін Сан-Диегоға (АҚШ, Калифорния штаты) ауысытып, тағы үш допинг сынақ тапсырды. Олардың барлығы таза шықты. Бірақ Невада штатының Атлеттер комиссиясы (NSAC) уақытша оны жекпе-жектерден шеттетті. Альварестің ісіне байланысты тыңдалып енді 18 сәуір күні өтеді. Егер боксшының кінәсі анықталса, ол бір жылға дейін шеттетілуі мүмкін.

4 сәуірде Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Альварес пен Головкин арасындағы екінші кездесу бәрібір де 2018 жылы өтетініне үмітті екенін айтты.

Головкин мен Альварес арасындағы бірінші кездесу 16-қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтіп, тең аяқталған болатын. Бірақ бұл нәтижеге көптеген бокс жанкүйерлері мен мамандары қарсы болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети