08 наурыз 2020 15:11

Финляндиядағы халықаралық турнирде қазақстандық төрт боксшы финалға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Olympic.kz © Olympic.kz

Финляндияның Хельсинки қаласында бокстан Gee Bee халықаралық турнирі аяқталуға жақын. Төрт қазақстандық боксшы жарыстың финалында жұдырықтасады, - деп хабарлайды Olympic.kz


Финляндияның Хельсинки қаласында бокстан Gee Bee халықаралық турнирі аяқталуға жақын. Төрт қазақстандық боксшы жарыстың финалында жұдырықтасады, - деп хабарлайды Olympic.kz

57 келідегі Қайрат Ерәлиев жартылай финалда франциялық Джордан Родригесті жеңді. 69 келіде қатысып жатқан Асланбек Шымбергенов финал жолдамасы үшін таласта финляндиялық Айдын Бехруздан басым түсті. 

Ал 91 келідегі Нұрлан Сапарбай тағы бір фин спортшысы Данил Рантаненді жеңіп, финалға жолдама алды. Аса ауыр салмақта сынға түсіп жатқан Сағындық Тоғамбай жартылай финалда ресейлік Иван Сагайдакты жеңді. 

Бек Нұрмағанбет (81 келі) пен Ділмұрат Мижитов (63 келі) қола жүлдегерлер қатарында. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети