Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Галле рингінен бір ғана алтын бұйырды

02 Маусым 2014, 12:37
0
Фото box-sport-verband.de сайтынан
Фото box-sport-verband.de сайтынан
Фото box-sport-verband.de сайтынан
Фото box-sport-verband.de сайтынан
Фото box-sport-verband.de сайтынан
Фото box-sport-verband.de сайтынан
Фото box-sport-verband.de сайтынан
Фото box-sport-verband.de сайтынан

Бокстан кіші әлем чемпионатына баланатын "Chemistry Cup" халықаралық турнирінің финалына төрт боксшымыз шыққанымен, олардың біреуіне ғана алтын медаль бұйырды, деп жазады Tengrinews.kz тілшісі "Алаш айнасы" газетіне сілтеме жасап.

Германияның Галле қаласында өткен, 17 мемлекеттен 106 боксшы бақ сынаған дәстүрлі турниріне біздің елден алты боксшы ғана барып, солардың төртеуі бірдей жартылай финалға шыққан еді. Біз бұған дейін күрзі жұдырықты жігіттеріміздің ширек финалға дейінгі өнерлері жайлы жазғанбыз. Енді жартылай финалдан бастап, өз боксшыларымыздың жекпе-жектеріне ат-үсті тоқталы өтсек.

Жартылай финал

49 келідегі Теміртас Жүсіпов түрік тарланы Толахан Өзтүрікті төрешілердің бір жақты шешімдерімен ұтып, басымдық танытты.
52 келі салмақ дәрежесіндегі Ілияс Сүлейменов Ресей чемпионы Василий Веткинмен өткен тартысты жекпе-жекте 2:1 есебімен жеңіске жетті.

60 келі салмақтағы Берік Әбдірахманов Германияның намысын қорғайтын Роберт Арутюнянмен қолғап түйістіріп, тәжірибелі қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

81 келі салмақ дәрежесінің көрігін қыздырған Әділбек Ниязымбетов те жергілікті жанкүйерлерді жасытып, неміс боксшысы Серж Мичелді 2:1 есебімен ұтты.

Финал

Жоғарыда жазғанымыздай, финалда біздің жігіттерге бір алтын ғана бұйырды. 52 келі салмақтағы Ілияс Сүлейменовтің қарсыласы, Молдова боксшысы Александр Рыскань шаршы алаңға шықпай, жерлесіміз әйгілі "Chemistry Cup" турнирінің жеңімпазы атанды.

Өкінішке қарай, қалған жігіттерімізге алтын бұйырмады. 49 келідегі Теміртас Жүсіпов Оңтүстік Корея оғланы Джонгун Шинге 1:2 есебімен есе жіберіп алды. Негізі, Шин – тәжірибесі мол боксшы. Лондон Олимпиадасына қатысқан. 2011 жылғы Азия чемпионы. Біздің Теміртас та Азия чемпионы болатын (2013 жылғы). Бірақ бұл жолғы шиеленісті жекпе-жекте төрешілер Шиннің қолын көтерді.

60 келідегі Берік Әбдірахманов Ирландияның қайсар жігіті, WSB аясында шыңдалған Дэвид Джойстан 1:2 есебімен ұтылып қалып, күміс жүлдені қанағат тұтты.

81 келідегі Әділбек Ниязымбетов те Ирландия боксшысына есе жіберіп алды. Әділбек Лондон Олимпиадасында, соңғы әлем чемпионаттарында еншілеген күміс жүлделеріне Галле турнирінің де күмісін қосты. Ол финалда 2011 жылғы Еуропа чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Джо Уардқа 1:2 есебімен есе жіберіп алды.

"Chemistry Cup" турнирі. 2014 жыл

Финал:
49 келі: Теміртас Жүсіпов – Джонгун Шин (Оңтүстік Корея) – 1:2
52 келі: Ілияс Сүлейменов – Александр Рыскань (Молдова) – +:–
60 келі: Берік Әбдірахманов – Роберт Арутюнян (Германия) – 1:2
81 келі: Әділбек Ниязымбетов – Серж Мичел (Германия) – 1:2

Жартылай финал:
49 келі: Теміртас Жүсіпов – Толгахан Өзтүрік (Түркия) – 3:0
52 келі: Ілияс Сүлейменов – Василий Веткин (Ресей) – 2:1
60 келі: Берік Әбдірахманов – Роберт Арутюнян (Германия) – 2:1
81 келі: Әділбек Ниязымбетов – Серж Мичел (Германия) – 2:1


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай