Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Галле турнирінен төрт жүлде аламыз

30 Мамыр 2014, 12:11
0
Суретте – Ілияс Сүлейменов пен Хамза Туба. Фото: box-sport-verband.de
Суретте – Ілияс Сүлейменов пен Хамза Туба. Фото: box-sport-verband.de

Бокстан Галледе (Германияда) өтіп жатқан "Chemistry Cup" халықаралық турнирінде төрт боксшымыз жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алаш айнасы" газетіне сілтеме жасап.

Кіші әлем чемпионатына баланатын дәстүрлі турнирге аттанған алты боксшымыздың екеуі алғашқы жекпе-жектерінде ұтылып, төртеуі жартылай финалға шықты.

Алғашқы айналымда үш боксшымыз шаршы алаңға шығып, екеуі жеңіске жетіп, біреуі ұтылып қалған. Қалған жігіттеріміз ширек финалға тікелей шыққан болатын.

Ширек финалда 49 келі салмақ дәрежесіндегі Теміртас Жүсіпов Ирландияның қайсар жігіті Хушие Майерсті 3:0 есебімен ұтты.

52 келідегі Ілияс Сүлейменов неміс боксшысы Хамза Тубамен қолғап түйістірді. Негізі, бұл боксшы Алматыдағы әлем чемпионатына қатысқан, сондай-ақ WSB жобасы аясында шыңдалған, тәжірибелі спортшы болатын. Әрі жергілікті жанкүйерлер де оны қолдап, демеп-жебеп отырды. Бірақ Ілияс оны күмәнсіз ұтып, төрешілердің бәрі де жеңісті қазақ боксшысына берді. Есеп – 3:0.

60 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатқан Берік Әбдірахманов Франция боксшысы Софьян Оумиені де жолынан тайдырды. Есеп – 2:1. Бір қызығы, бұл боксшы алғашқы жекпе-жегінде Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері, Оңтүстік Корея оғланы Сун Чул Ханды жеңіп, көпшілікті елең еткізген еді. Ол тіпті біздің Берікке де лайықты деңгейде қарсылық көрсетті.

Өкінішке қарай, 64 келіде бақ сынаған Алмасбек Әлібеков тәжірибелі Молдова боксшысы Дмитрий Галаготқа 1:2 есебімен есе жіберіп алды.

81 келідегі Әділбек Ниязымбетов те ел сенімін ақтап, ширек финалда ағылшын Лоуренс Осукеден басым түсті. Есеп – 3:0
Сөйтіп, жартылай финалға төрт боксшымыз шықты. Яғни қоржында – төрт жүлде бар деген сөз. Енді осы төрт жүлденің көбісі алтын болса деп тілейміз.

"Chemistry Cup" турнирі. 2014 жыл

1/8 финалы:

60 келі: Берік Әбдірахманов – Адтке Гаши (Германия) – 3:0
75 келі: Рустам Сыбаев – Хек Паскали (Германия) – 1:2
81 келі: Әділбек Ниязымбетов – Раджаб Сарвари (Дания) – TKO R3

Ширек финал:

49 келі: Теміртас Жүсіпов – Хушие Майерс (Ирландия) – 3:0
52 келі: Ілияс Сүлейменов – Хамза Туба (Германия) – 3:0
60 келі: Берік Әбдірахманов – Софьян Оумие (Франция) – 2:1
64 келі: Алмасбек Әлібеков – Дмитрий Галагот (Молдова) – 1:2
81 келі: Әділбек Ниязымбетов – Лоуренс Осуке (Англия) – 3:0

Жартылай финал:

49 келі: Теміртас Жүсіпов – Толгахан Өзтүрік (Түркия)
52 келі: Ілияс Сүлейменов – Василий Веткин (Ресей)
60 келі: Берік Әбдірахманов – Роберт Харутунян (Германия)
81 келі: Әділбек Ниязымбетов – Серж Мичел (Германия)


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай