06 қараша 2014 09:48

Геннадий Головкин: Басты мақсат - Коттомен жұдырықтасу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. ©yvision.kz Геннадий Головкин. ©yvision.kz

WBA (Super), IBO және WBC Interim тұжырымдары бойынша әлемнің орта салмақтағы қазақстандық чемпионы Геннадий Головкин өзі үшін ең қалаулы жекпе-жек WBC чемпионы - пуэрторикалық Мигель Коттомен жұдырықтасу екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz RingTV-ға сілтеме жасап.


WBA (Super), IBO және WBC Interim тұжырымдары бойынша әлемнің орта салмақтағы қазақстандық чемпионы Геннадий Головкин өзі үшін ең қалаулы жекпе-жек WBC чемпионы - пуэрторикалық Мигель Коттомен жұдырықтасу екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz RingTV-ға сілтеме жасап.

"Басты мақсатым - Коттомен жұдырықтасу. Мигель Серхио Мартинесті жеңіп, WBC мәртебесін иеленгеннен кейін бұл жекпе-жек мен үшін басым бағытқа айналды. Мен Серхиомен ақыры жұдырықтаса алмадым. Енді амал жоқ, оны жеңген адаммен жекпе-жекке шығамын", - деп мәлімдеді Головкин телеарнаға берген сұхбатында. 

Геннадий Головкин жұдырықтасқысы келетін басқа спортшыларды да атады. "Канело (Сауль Альварес) - тағы бір тамаша вариант. Ол - Мексиканың үлкен бір аңызы. Кіші Чавеспен жекпе-жек те тамаша болар еді. Біз онымен келіссөз жүргізуге тырыстық, бірақ ол менімен төбелескісі келмеген сияқты. Карл Фрочпен де керемет жекпе-жекке шығар едім. Олардың бәрі - белгілі адамдар, мен әрқашан танымал есімдермен кездескенді қалаймын", - деді Головкин. Бұл сұхбат туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, қазанның 19-ы күні АҚШ-та өткен жекпе-жегінде Геннадий Головкин мексикалық Марко Антонио Рубионы екінші раундта нокаутқа түсірді. Қазақстандық боксшы өзінің мерзімінен бұрын аяқтаған кездесулерінің санын 18-ге жеткізді. Келесі жекпе-жегі 2015 жылдың 21 ақпаны күні Монакода өтеді. Қарсыласы ағылшын боксшысы Мартин Мюррей болады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети