Геннадий Головкин спорттан қашан кетесіз деген сұраққа жауап берді

09 Қараша 2017, 12:24
0
Геннадий Головкин спорттан қашан кетесіз деген сұраққа жауап берді - © The Ring Magazine
© The Ring Magazine

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) The Ring TV арнасына берген сұхбатында алдағы жоспарлары мен мақсатын бөлісті. Соның ішінде ол орта салмақта барлық негізгі титулдың басын қосуды місе тұтып отырғанын жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қазіргі уақытта менің не қалайтынымды айту өте қиын. Аузынды сөз ұстап тұратындар өте аз. Кімнің мықты, кімнің ең үздік екенін анықтау - мұндай нәрсе жоқ әзірге. Бұған қол жеткізу өте қиын. Әрине барлық белбеудің басын қоссам деймін. Сонымен қатар, Альвареспен екінші жекпе-жек өткізуге де бармын. Нәтижесінде біз осы мақсаттардың жолында келе жатырмыз. Біз бірнеше қарсыласпен өткізуіміз қажет бірнеше жекпе-жегіміз бар. Бірақ бұл оңайға соқпайды. Былайша айтқанда, менің қарсыластарым менен қашып жүр", - деді Головкин.

Сонымен қатар, чемпион спорттан қашан кететіні туралы айтты.

"Жағдайым жақсы, тамаша десем де болады. Жұмыс істей білу қабілетім төмендеген жоқ. Соған қарағанда біршама уақыт бойы әлі бокста боламын. Нақты уақытын айта алмаймын, әрине. Бұл - бокс, мұнда кез келген соққы немесе кез келген жекпе-жек барлығын да өзгертіп жіберуі мүмкін. Сол себепті маған барлығы ұнап жатса, мен бокста қала беремін", - деді Головкин. 

 

Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай