20 ақпан 2019 09:29

Головкин әлем чемпионы болуға жақын қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) таяу күндері орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андрадемен (27-0, 17 КО) шаршы алаңда жұдырықтасуға мүмкіндік алып қалуы ғажап емес. Бұл туралы Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) президенті Франциско Валькарсель BoxingScene басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Ақпанда жаңартылған рейтингте Геннадий Головкин орта салмақта Бүкіләлемдік бокс ұйымында (WBO) көш бастады. Осылайша, ол Деметриус Андраденің (27-0, 17 КО) иелігіндегі WBO белбеуіне міндетті қарсылас болады деген сөз.

"Бәлкім біз іріктеу кездесуін өткіземіз, я болмаса Головкинді Андрадеге міндетті қарсылас етеміз. Біз осы мәселені 21 ақпанға дейін шешуіміз керек", - деді Валькарсель.

Осыған дейін рейтингте WBO бұрынғы чемпионы Билли Джо Сондерс бірінші тұрған, алайда ұлыбританиялық боксшы екінші орта салмаққа көтерілді.

Қаңтарда Головкин DAZN стримингтік жүйесімен және FOX пен Showtime арналары арқылы трансляция жүргізу үшін Premier Boxing Champions жобасының өкілдерімен келіссөздер жүргізді. DAZN өкілдері қазақстандыққа Андрадемен жекпе-жек ұсынды, кейін Сауль Альвареспен (51-1-2, 34 КО) үшінші кездесу өткізу ұсынысы да болған.

Айта кетейік, WBO белбеуі - Головкин кәсіпқой бокста ала алмаған жалғыз титул. Ол бірнеше рет Сондерспен келіссөздер жүргізді, алайда жекпе-жек ұйымдастыру мүмкін болмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети