10 тамыз 2018 15:17

Головкин Альварес туралы: "Ең сорақы қарсылас"

ПОДЕЛИТЬСЯ

© latimes.com © latimes.com

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) қарсыласы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) туралы дөрекі түрде пікір білдірді. Ол журналистердің Калифорниядағы Big Bear лагеріне барған сәтінде біршама сұрақтарға жауап берді.

"Ол (Альварес - авт) - менімен қарсылас болғандардың арасындағы ең жағымсыз әрі лас боксшы ... Лас дегеніміз рұқсат етілмеген препараттарды пайдаланғаны үшін және сол үшін басқа адамдардан кінә іздеу. Бұл оның жеке мәселесі. "Канело" бокс заңын бұзды, лас бірдеме істеді және оның командасы осы жағдайда оған қолдау білдірді. Бұл жекпе-жек маған қарағанда ол үшін өте маңызды. Оның командасы беделін қайта көтеру үшін қолдан келгеннің барлығын істеп жатыр", - деп жазады Los Angeles Times Головкиннің сөзін.

Олардың екінші кездесуі 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кіл мықтыны анықтай алмаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети