WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин командасымен бірге мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареске қарсы екінші жекпе-жегіне дайындықты бастады. Ол бұл туралы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Tengrinews.kz.
"Жаттығулар басталды. Команда жиналды және жұмыс істеуге дайын", - деп жазды Головкин Instagram парақшасында командасымен түскен суретінің астына.
Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесу 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Олардың бірінші кездесуі де Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған еді.