Головкин басқа салмаққа өтуі мүмкін - Том Леффлер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин басқа салмаққа өтуі мүмкін - Том Леффлер Том Леффлер мен Геннадий Головкин. © flickr.com

Головкиннің промоутері қазақстандық боксшының WBO чемпионы мексикалық Хильберто Рамиреспен жұдырықтасу үшін басқа салмақ дәрежесіне өтуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.


Бұл туралы Том Леффлер Fino Boxing порталына берген сұхбатында айтты. Оның сөзіне қарағанда, Головкин мексикалық Хильберто Рамиреспен (38-0, 25 КО) жұдырықтасу үшін супер орта салмақ (76,2 келіге дейін) дәрежесіне ауысуы мүмкін.

"Егер ол дұрыс жекпе-жек болса, Геннадий сол салмаққа көтеріледі. Хильберто Рамирес - чемпион, менің ойымша, оның Рокки Филдингтен мықтылығы дәлелді. Егер ол кездесу өтсе, GGG үшін жақсы жекпе-жек болар еді. Боб Арум екеуміз бұл жекпе-жек туралы біраз уақыттан бері айтып келеміз.

Мүмкін жекпе-жектер көп. Роб Брэнт Муратуды жеңді. Онымен кездесу де қызық болар еді. Ұсыныстардың көп болғаны тамаша, Геннадийдің атағы зор. Қазір барлығы онымен жекпе-жек өткізуге дайын сияқты. Промоутер ретінде осы барлық жекпе-жекті ұйымдастыруға мен үшін де жақсы сәт", - деді ол.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +35
Астана +31
Ақтау +31
Ақтөбе +30
Атырау +33
Б
Балқаш +37
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +26
Қ
Қостанай +43
Қызылорда +31
П
Павлодар +25
Петропавл +36
С
Семей +39
Т
Талдықорған +39
Тараз +43
Түркістан +31
О
Орал +36
Ө
Өскемен +41
Ш
Шымкент +37

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер