Головкин бес жылда тұңғыш рет "Жыл боксшысы" атағына ұсынылмады

28 Желтоқсан 2018, 11:01
0
Головкин бес жылда тұңғыш рет "Жыл боксшысы" атағына ұсынылмады -

Worldboxingnews сайты "Жыл боксшысы" номинанттарын жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Өткен жылы Геннадий Головкин спорттық мансабында төртінші рет WBN марапатын алған еді, алайда қазақстандық бұл жолы үміткерлер қатарында да жоқ. Осылайша, GGG 2013 жылдан бері бірінші рет номинациясыз қалды. 

WBN мәліметінше, "Жыл боксшысы" атағына украиналық Василий Ломаченко мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес таласады, Александр Усик, Майки Гарсия, Тайсон Фьюри, Деонтей Уайлдер, Теренс Кроуфорд, Наоя Иноуэ, Мэнни Пакьяо, Александр Гвоздик, Каллум Смит және басқада боксшылар олармен таласқа түсуі мүмкін. 

WBN марапатына үміткерлер тізімі 2 қаңтарда жарияланды. Дауыс беру 18 қаңтарға дейін жалғасады. 

Айта кетейік, Головкин WBN тұжырымы бойынша 2013, 2014, 2015 жылдары "Жыл боксшысы" атанған еді. 2016 жылы қазақстандық боксшының жеңісті жолын украиналық Ломаченко тоқтатты. Бірақ 2017 жылы GGG украиналықтан бұл атақты тартып алды. 

Биыл қыркүйекте Головкин Альвареспен қарымта кездесуде жеңіліп, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылды. 

Уалихан Қосанбай

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай