Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді

13 Желтоқсан 2016, 10:04
0
Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді - Сурет Головкиннің Instagram парақшасынан
Сурет Головкиннің Instagram парақшасынан

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы GGG командасының ресми өкілі Жанар Өтешева Instagram желісіндегі өзінің парақшасында хабарлады. 

Оның айтуынша, спортшы рекордтар кітабына нокаут пайызы ең жоғары орта салмақтағы әлем чемпионы ретінде кірді. Оның нокауттарының қатынасы 91,67 пайыз. Айта кетейік, Головкин қазіргі уақытта WBA (Super), IBF, IBO және WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Қазақстандық боксшы 36 жекпе-жек өткізіп, 36 жеңіске жеткен. 33 кездесуін нокаутпен аяқтаған.

Голливудта өтіп жатқан WBC-дің жыл сайынғы конвенциясында Головкинге Гиннес рекордтар кітабының сертификаты табысталды. Сонымен қатар, осы шарада қазақстандық боксшы тағы екі жүлдеге ие болды. WBC Головкинның Келл Брукпен өткізген жекпе-жегін "Жыл оқиғасы" деп мойындады, сондай-ақ GGG-ге басымдығы артық боксшы ретінде арнайы сыйлық табысталды.

 

It's a huge honor to be a part of WBC family. I appreciate your support #GGG

Фото опубликовано Gennady Golovkin | GGG (@gggboxing)

 

Thank you for always being there for me #teamGGG

Фото опубликовано Gennady Golovkin | GGG (@gggboxing)

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай