31 желтоқсан 2019 17:46

Головкин Instagram желісіндегі ең танымал боксшылар тізіміне енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: DAZN Фото: DAZN

Қазақстандық Геннадий Головкин кәсіпқой боксшылар арасында Instagram желісіндегі танымалдылық бойынша 2019 жылды жетінші орында аяқтады, - деп хабарлайды Vesti.kz


Қазақстандық Геннадий Головкин кәсіпқой боксшылар арасында Instagram желісіндегі танымалдылық бойынша 2019 жылды жетінші орында аяқтады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионына қазіргі уақытта 3 889 656 адам жазылған. 2019 жылы 37 жастағы Головкин екі жекпе-жек өткізген: маусымда канадалық Стив Роллсты, қазанда украиналық Сергей Деревянченконы жеңген. 

Бұл тізімде америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер көш бастап тұр, оның жазушылар саны - 23 миллион. Ал екінші орында британиялық боксшы Энтони Джошуа тұр - 10,7 миллион жазылушы. Үшінші орын америкалық Майк Тайсонда - оның 8,9 миллион жазылушысы бар. 

Instagram желісіндегі ТОП-10 кәсіпқой боксшы:

1. Кіші Флойд Мейвезер (АҚШ) - 22,9 миллион (22 956 856);

2. Энтони Джошуа (Ұлыбритания) - 10,7 (10 797 968); 

3. Майк Тайсон (АҚШ) - 8,9 (8 923 583);

4. Сауль "Канело" Альварес (Мексика) - 6,3 (6 391 519);

5. Мэнни Пакьяо (Филиппины) - 5,6 (5 635 855);

6. Райан Гарсия (АҚШ) - 4,4 (4 441 580); 

7. Геннадий Головкин (Қазақстан) - 3,8 (3 889 656);

8. Мухаммед Али (АҚШ) - 3,4 (3 411 043);

9. Деонтей Уайлдер (АҚШ) - 2,5 (2 529 968); 

10. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания) - 2,5 (2 503 56).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети