01 қараша 2017 10:40

Головкин жаттығуларға қашан оралады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/ggolovkin © vk.com/ggolovkin

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) The Ring журналына берген сұхбатында жаттығуларға қашан оралатыны жәйлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) The Ring журналына берген сұхбатында жаттығуларға қашан оралатыны жәйлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Сұхбаттың толық нұсқасы әзірге жарияланған жоқ, алайда RingTV және UCNLive басылымдарының журналисі Стив Ким Twitter желісіндегі парақшасында былай деп жазды: "Головкин бізге Big Bear жаттығу лагеріне бірнеше апталық жаттығулар үшін желтоқсанда оралатынын айтты. Ол өзінің спорттық қалыпта және залда болуы керектігін айтты", - деп жазды Ким. 

Журналистің айтуынша, Головкин спорттық мансабын жақын арада аяқтамайтынын және жылына 3-4 жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр екен. 

Головкиннің The Ring журналына сұхбат бергені туралы мәліметті қазақстандықтың промоутері Том Леффлер растады. Бұл сұхбаттың ең қызығы Головкин Кимнің сұрақтарына ағылшын тілінде емес орыс тілінде жауап бергені. Айта кетейік, Головкин The Ring журналының нұсқасы бойынша P4P (салмақ дәрежесіне қарамастан) рейтингінде көш бастап тұр.

Еске салайық, 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен Головкин - Альварес кездесуі 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети