11 қыркүйек 2017 09:28

Головкин жекпе-жекке жеті күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімінен өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) 16 қыркүйекте мексикалық Сауль "Канело" Альварес өтетін жекпе-жекке бір апта қалғанда WBC міндетті салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) ережесіне сәйкес, жекпе-жекке бір ай қалғанда және бір апта қалғанда салмақ өлшеу рәсімін өткізеді. Орта салмақта максималдық көрсеткіш - 168 фунт (76,2 келі), ал Головкиннің салмағы 164,4 фунт (74,6) келі болды. 

Осыған дейін жекпе-жекке 30 күн қалғанда да қазақстандық боксшы сәтті өткен еді. Оның салмағы 170 фунт (77,1 келі), бір ай қалған уақытта ең максималдық көрсеткіш - 176 фунт (79,8 келі) болған еді.

Айта кетейік, Альварес бұл міндеттелген салмақ өлшеу рәсіміне қатыспайды себебі, ол осы WBC ұйымымен жанжалдасуына байланысты осы нұсқадағы белбеу үшін таласудан бас тартқан болатын.  

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети