14 қаңтар 2017 11:41

Головкин жеңілістері жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "ВКонтакте"/Геннадий GGG Головкин © "ВКонтакте"/Геннадий GGG Головкин

Қазақстандық Геннадий Головкин америкалық Power радиостанциясының The Breakfast Club бағдарламасына берген сұхбатында өз өмірі мен жеңілістері жайлы айтып берді. 


Қазақстандық Геннадий Головкин америкалық Power радиостанциясының The Breakfast Club бағдарламасына берген сұхбатында өз өмірі мен жеңілістері жайлы айтып берді. 

Боксшы келесі жекпе-жегінің неліктен Нию-Йортегі Madison Square Garden аренасында өтетінін, боксқа келу себебі және досы Ронда Роузидің жеңілістеріне қандай көзқараста екенін айтты. Дэниэл Джейкобспен алдағы жекпе-жегі жайлы айта келе, боксшы Нью-Йоркті "бокс Меккесі" деп атады. "Барлығы Нью-Йоркті құрметтейді. Бұл Бокстың Меккесі. Бұл коммерциялық емес, тарихи жекпе-жек болады", - деді Головкин. "Жоспарым бар, жалғыз емес. Джейкобс қалай жұдырықтасу керек екенін біледі. Мен әрдайым дайынмын, бірақ менің нақты жоспарым жоқ, себебі ол бұл туралы біледі. Тамаша жекпе-жек болады", - деп мәлімдеді GGG.

Головкин боксқа қалай келгені жайлы да баяндады. "Ертеректе болатын. Бұған отбасым себеп болды деп ойлаймын. Бокстың кез келген түрі ұнайды: баскетбол, бейсбол. Ағаларым боксқа баруым керек екенін, өз қабілетімді тексеріп көруім керек екенін айтты", - деді боксшы. Осы кезде жүргізуші "Үлкендердің "бар да, ұрып таста" деп айтқанын көп естігенмін", - деді. "Бұл менің тарихымның бір бөлігі. Қазір бәрі де басқаша", - деп жауап берді оған Головкин. Сондай-ақ қазақстандыққа жас кезінде қанша рет жеңілгені жайлы сұрақ қойылды. "Көп емес, төрт немесе бес рет, бірақ көшеде ешқашан жеңіліп көрмегенмін", - деп мәлімдеді ол.

Ал Роузидің Аманда Нуньестен 48 секунд ішінде жеңіліс тапқаны жайлы пікір білдірген ол бұл оқиғаны ессіздік деп атады. "Көрдім. Бұл ессіздік. Ол әлі чемпиондық титулдарға дайын емес деп айтар едім. Оған уақыт керек. UFC-ге Роузи сияқты адамның керек екенін 100 пайыз сеніммен айта аламын. Мен оны жақсы білемін, ол менің досым. Бұл басқа спорт түрі, онда бәрі қызық. Бокс - классика, ал UFC - хай-тек іспеттес. Ессіздіктер болып жататын шығар, бірақ сырттан қарағанда керемет көрінеді", - деді Головкин.

Сұхбатының соңында Головкин АҚШ-та қалай тұрып жатқаны жайлы баяндады. "Уақытым көп емес. Лос-Анджелесте отбасыммен бірге тұрып жатырмын. Әйеліммен комедиялық шоулар мен фильмдерді көргенді ұнатамын. Мен қарапайым жігітпін. Жағалауға барғанды, баламды мектепке апарғанды ұнатамын", - деді ол. Сұхбатты толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске салайық, Головкинге осы бағдарламада жүргізушінің жыныстық қатынас туралы сұрақ қойғаны белгілі болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети