12 қыркүйек 2017 13:51

Головкин - "Канело" жекпе-жегін қайдан көруге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/ggolovkin © vk.com/ggolovkin

Алдағы демалыс күндері орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы көптен күткен жекпе-жек өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Головкин - "Канело" жекпе-жегін тікелей эфирден қазақстандық екі телеарна көрсетеді.

Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Жекпе-жекті тікелей эфирден Qazaqstan және QazSport (бұрынғы "Казахстан" және KazSport) телеарналары 17 қыркүйекте, яғни жексенбіде Астана уақыты бойынша таңғы уақытта көрсетеді.

Айта кетейік, Сауль "Канело" Альварес Лас-Вегасқа келіп қойды.

АҚШ-та бұл жекпе-жек ақылы (PPV) трансляция арқылы көрсетіледі. Бір теледидардың құны - 75 доллар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети