20 қыркүйек 2021 09:02

Головкин қашан шаршы алаңға оралатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. © Фото: Тұрар Қазанғапов Геннадий Головкин. © Фото: Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта IBF белбеуінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин келесі кездесуін желтоқсанда өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Sportarena.com порталына сілтеме жасап. 


Орта салмақта IBF белбеуінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин келесі кездесуін желтоқсанда өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Sportarena.com порталына сілтеме жасап. 

Промоутер Том Леффлердің айтуынша, Головкиннің қарсыласы белгісіз. Ал оның Сауль Альвареспен үшінші кездесуі 2022 жылы өтуі мүмкін.

"Қазір Головкин Лос-Анджелес қаласында. Шаршы алаңға жылдың соңында оралуға ниетті. Бірақ әлі ешқандай келісімшарт жасалмады. Бірақ жылдың соңында ол шаршы алаңға шыққысы келеді", - деді Леффлер.

"Альварестің DAZN платформасымен келісімшарты бар кезде оның қарсыласы Головкин болуы керек еді. Алайда 2019 жылы ол кездесу өтпей қалды. Бұл Головкиннің кінәсі емес. Олардың кездесуі енді 2022 жылы өтетін шығар", - деді промоутер.

Еске салайық, осыған дейін Головкиннің қарсыласы орта салмақта WBA (Regular) белбеуінің иегері жапониялық Риота Мурата болуы мүмкін деген ақпарат шыққан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети