02 сәуір 2018 16:04

Головкин мен Альварес 5 мамырда жұдырықтаспайды - WBC президенті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес. © Reuters Геннадий Головкин мен Сауль Альварес. © Reuters

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман 5 мамыр күніне жоспарланған орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесу өтпейтінін хабарлады, - деп хабарлайды vRINGe.com порталы.

"Менің ойым: жекпе-жек (Головкин-Канело) өтпейді. Невадада тыңдалым (Альварестің ісіне қатысты) 18 сәуірге ауыстырылды. Енді жекпе-жектің 5 мамырда қалай өтетінін елестете де алмаймын", - деп келтіреді Сулейманның сөзін ESPN Deportes порталы.

Еске салайық, 27 наурызда Невада штатаның Атлеттер комиссиясы Альваресті екі допинг сынаманың (17 және 20-ақпан) кленбутерол дәруменіне оң нәтижесін бергені үшін уақытша жекпе-жектерден шеттетті. Мексикалық боксшының ісіне байланысты нүкте 10 сәуір күні шығуы керек еді. Алайда іс 18 сәуірге ауыстырылды.

Головкиннің промоутері қазақстандық боксшының Альварестің ісі қалай аяқталысына қарамастан 5 мамыр күні шаршы алаңға шығуға дайындалып жатқанын хабарлады. Олардың екінші кездесуі де Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған.

28 наурызда ESPN арнасының сарапшысы және Америкадағы танымал бокс шолушысы Дэн Рафаэль Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек күні (5 мамыр) өзгеруі мүмкін деген болжам жасаған.

29 наурызда қазақстандық және мексикалық боксшы арасындағы қарымта жекпе-жекті ұйымдастырушылар жарнамалық науқанды тоқтатқаны хабарланды. Los Angeles Times басылымының жазуынша, Golden Boy Promotions жекпе-жекке қатысты барлық шараларды тоқтатты, HBO арнасы да жарнамалауды уақытша үзді, ал MGM Resorts билет құнын қайтаруға дайын екендерін жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети